Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумының жүлдегерлері
10-03-2022 15:45
«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық  форумының жүлдегерлері

М. М. Катаеватындағы Оқушылар сарайында ағымдағы жылдың 1-3 наурыз аралығында «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты облыстық форум өтті.

Форум келесі номинациялар бойынша өтті: «Осындай мамандық бар» «Мамандық таңдау уақыты», «Менің кәсібім – менің бизнесім», «Мамандық кеше, бүгін, ертең». ZOOM платформасында онлайн форматта Павлодар облысы бойынша форумның барлық қатысушыларының презентациялары қорғалды.

Бұл форумға Павлодар қаласының № 2, К. Макпалеев атындағы, № 21, № 33 жалпы білім беретін мектептерінен 4 қатысушы, келесі номинацияларға қатысты «Осындай мамандық бар» - № 21 ЖОМ 6сынып оқушысы Пастушенко Полина;  «Мамандық таңдау уақыты» - № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Бейсембина Салима, «Менің мамандығым – менің бизнесім»  - Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ 10-сынып оқушысы Груша Мария, «Мамандық кеше, бүгін, ертең»  - № 33 ЖОМ 5-сынып оқушысы Касенова Рахиля.

«Мамандық таңдау уақыты» номинациясы бойынша № 2 мектептің 10 сынып оқушысы Бейсембина Салима 3 орын алды. Қатысушы болашақ мамандықты таңдау бойынша тақырыптарды ашуға бағытталған бейне материалдарды (бейне әңгіме) ұсынды. Ол бейнероликте өзінің болашақ мамандығы –мұғалім туралы сюжет көрсетті.