Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас математиктердің математикалық турнирінің қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы
17-03-2022 10:32
Жас математиктердің математикалық турнирінің  қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы

      2022 жылғы 16 наурызда "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың   дарындылығын   дамыту  орталығының  базасында  жас математиктердің  облыстық  математикалық  турниріне  қатысу  үшін қалалық  іріктеу  кезеңі  өтті.

     Турнирдің негізгі мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және математика пәні бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.    Олимпиадаға қаланың 35 мектебінен 7-8 сыныптың 66 оқушысы  қатысты.

         Қатысушылар әр түрлі деңгейдегі логика мен стандартты емес ойлау бойынша тапсырмаларды орындады.

        Қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық математикалық турнирге қатысу үшін 3 команда іріктелді (№ 2, № 7, № 9, № 11, № 16, № 17, № 21, № 25, № 28, № 29, № 34, № 37, № 38, № 39, № 43, ЖЖОМ ). Оның ішінде 1 команда қазақ тілінде және 2 команда орыс тілінде оқитын оқушылар.

        Квотаға сәйкес облыстық математикалық турнирге қатысу үшін 2 команда қатысады: 1 орыс тілінде және 1 қазақ тілінде. Облыстық турнирде табысты өнер көрсету мақсатында жаттығу жиыны өткізіліп, оның қорытындысы бойынша облыстық турнирге қатысу үшін 2 команда анықталатын болады.