Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Спортта – біз алдамыз!» тимбилдинг
18-03-2022 13:14
«Спортта – біз алдамыз!» тимбилдинг

         Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылдың 17 наурызында "Үлкен үзіліс - 2022" жобасының VI кезеңі «Спортта – біз алдамыз» тимбилдингі өткізілді. Қаланың 10 мектебінен  5-9 сыныптың 240 оқушысы қатысты.

        Байқаудың мақсаты тимбилдинг элементтерін пайдалану арқылы командада жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. Қатысушылар белсенді қатысты, әртүрлі кедергілерден өтті, «Қазақстан туралы» тақырыбында  сұрақтарға жауап берді және Қара жорға биін биледі.

         Ең көп ұпай  жинаған мектептер келесі турларға өтті: № 26, 29, 38, 43, М. Әуезов атындағы, КЖОМ. Қазылар алқасының шешімі бойынша № 5, 21, 22, 28 мектептер келесі кезеңге өтпейді.