Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ою-өрнек – ата-бабалар жолдауы» қалалық шығармашылық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
18-03-2022 14:41
«Ою-өрнек – ата-бабалар жолдауы» қалалық шығармашылық байқауының  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2022 жылы 18 наурызда «Ою-өрнек – ата-бабалар жолдауы» қалалық шығармашылық байқауы өтті.

Ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылықты арттыру, қазақтың төл өнері арқылы әлемге танылу ықтималдығын  көрсету мақсатында өткен байқауға 5-10 сынып оқушылары арасынан 26 оқушы қатысты.

1-саты: «Әр өрнектің астарында мағына бар» видео-экскурсы.

2-саты: «Ою-өрнек – қазақ бренді» эссе-иллюстрация.

Қазылар мүшесі бағалау талаптарын негізге ала отырып, үздік жұмыстарды анықтап алды. Жалпы, барлық қатысушылардың ынта-талаптары, ұмтылыстары мен талпыныстары, өзіндік көзқарастары мен пікірлері қазылар алқасын тәнті етті.

Нәтижесінде 10 оқушы үздіктер қатарынан көрінді. І орынды № 21 ЖОМ 8-сынып оқушысы Елемес Ризажан, № 29 ЖОМ 8-сынып оқушысы Карнаухова Полина иеленді.

ІІ орынға № 23 ЖОМ 7-сынып оқушысы Сизикова Елизавета, № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы Шумакова Дильназ, № 33 ЖОМ 6-сынып оқушысы Қабар Мариям ие болды.

ІІІ орынды №17 ЖОМ 5-сынып оқушысы Түкен Айерке, № 19 ЖОМ 7-сынып оқушысы Боранбек Аяжан, № 36 ЖОМ 7-сынып оқушысы Борчагинова Милена, Қ.Мақпалеев атындағы ЖОМ 5-сынып оқушысы Айтчанова Алима, Б.Момышұлы атындағы ЖОМ 6-сынып оқушысы Багдатова Нұрай иеленді.

Жүлделі орын алған қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен марапатталады.