2022 жылы 18 наурызда «Ою-өрнек – ата-бабалар жолдауы» қалалық шығармашылық байқауы өтті.
Ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылықты арттыру, қазақтың төл өнері арқылы әлемге танылу ықтималдығын көрсету мақсатында өткен байқауға 5-10 сынып оқушылары арасынан 26 оқушы қатысты.
1-саты: «Әр өрнектің астарында мағына бар» видео-экскурсы.
2-саты: «Ою-өрнек – қазақ бренді» эссе-иллюстрация.
Қазылар мүшесі бағалау талаптарын негізге ала отырып, үздік жұмыстарды анықтап алды. Жалпы, барлық қатысушылардың ынта-талаптары, ұмтылыстары мен талпыныстары, өзіндік көзқарастары мен пікірлері қазылар алқасын тәнті етті.
Нәтижесінде 10 оқушы үздіктер қатарынан көрінді. І орынды № 21 ЖОМ 8-сынып оқушысы Елемес Ризажан, № 29 ЖОМ 8-сынып оқушысы Карнаухова Полина иеленді.
ІІ орынға № 23 ЖОМ 7-сынып оқушысы Сизикова Елизавета, № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы Шумакова Дильназ, № 33 ЖОМ 6-сынып оқушысы Қабар Мариям ие болды.
ІІІ орынды №17 ЖОМ 5-сынып оқушысы Түкен Айерке, № 19 ЖОМ 7-сынып оқушысы Боранбек Аяжан, № 36 ЖОМ 7-сынып оқушысы Борчагинова Милена, Қ.Мақпалеев атындағы ЖОМ 5-сынып оқушысы Айтчанова Алима, Б.Момышұлы атындағы ЖОМ 6-сынып оқушысы Багдатова Нұрай иеленді.
Жүлделі орын алған қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен марапатталады.