Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мәшһүр – Жүсіп оқулары» байқауы қалалық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01-04-2022 18:29
«Мәшһүр – Жүсіп оқулары» байқауы қалалық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2022 жылғы 1 сәуірде «Павлодар дарыны» БҚБДДО «Мәшһүр – Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқау мақсаты – өскелең ұрпақты халық шығармашылығы негізінде, ұлы ойшыл ақын рухани мұрасы арқылы тәрбиелеу, мектеп оқушылары арасында Мәшһүр – Жүсіп шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық, философиялық талғамдарын дамыту.

Байқауға қаланың 20 жалпы білім беру мектебінен 46 үміткер қатысты. Қалалық байқауда 14 оқушы жүлделі орын алды. Байқау 4 бағытта өтті.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз  келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» 1-бағытында І орынды № 2 ЖОМ 9-сынып оқушысы Дінмұхамед Нұрайым, ІІ орынды № 38 ЖОМ 9-сынып оқушысы Бахатхан Сәулегүл, ІІІ орынды № 17 ЖОМ 8-сынып оқушысы Марат Аяла, М.Әлімбаев атындағы ЖОМ 8-сынып оқушысы Мусағалиева Аяна иеленді.

«Бас болып өнер білсең тіптен жақсы» 2-бағытында І орынға № 28 ЖОМ 11-сынып оқушысы Бекова Милана, ІІ орынға № 17 ЖОМ 8-сынып оқушысы Мусулманкулова Аида, ІІІ орынға № 21 ЖОМ 8-сынып оқушысы Акылбекова Шадияр, Жетекші ЖОМ 9-сынып оқушысы Айтмағамбетов Ерасыл ие болды.

«Білімді зерек адам болам! - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»  3-бағытында І орынды № 38 ЖОМ 8-сынып оқушысы Солтанмұрат Аяулым, ІІ орынды № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Омарова Жансая, Қ.Бекқожин атындағы ЖОМ 10-сынып оқушысы Мусаева Латифа, ІІІ орынды № 20 МЛ 10-сынып оқушысы Гайнуллова Арайлым, № 28 ЖОМ 9-сынып оқушысы Драганчук Арина, № 37 ЖОМ 8-сынып оқушысы Бауыржан Ақнұр иеленді.

«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»             4-бағытында І орынға № 19 ЖОМ 9-сынып оқушысы Қаиргелді Ерасыл, № 37 ЖОМ 8-сынып оқушысы Кунанбаев Ернар, ІІ орынға № 17 ЖОМ 10-сынып оқушысы Фазыл Азиз, ІІІ орынға № 21 ЖОМ 10-сынып оқушысы Маденова Саяжан, № 33 ЖОМ 8-сынып оқушысы Айдарбек Назерке, КЖОМ 9-сынып оқушысы Бигараев Нурбол ие болды.

Байқаудың қалалық кезеңінің І орын иегерлері 5 сәуірде өтетін облыстық кезеңде қала абыройын қорғайды.