Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ерекше балалардың ерекше дарындары
05-04-2022 17:14
Ерекше балалардың ерекше дарындары

Павлодар қаласыныңбілім беру бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 5 сәуірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған "Жұлдызай" шығармашылық фестивалінің қалалық туры өткізілді.

Фестивальдің мақсаты- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау.

Фестиваль бұл балаларды ынталандырады және өз күшіне деген үміт пен сенім сыйлайды! Ерекше балалар рухы мықты адамның жоғары биіктерге жете алатындығын көрсете алады. Ұзақ жылдар бойы бұл бірегей фестиваль мыңдаған "ерекше" балалардың ерекше қабілеттерін ашып, оларға өмірде өз жолын табуға мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысы бойынша №6 ЖОМ оқушысы Резанко Анастасия вокал номинациясы бойынша I дәрежелі диплом иегері атанды. II дәрежелі дипломмен № 17 ЖОМ Азатова Аяла, №14 ЖОМ Бейбіт Нұрлан, №35 ЖОМ Абай Жансая марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен №36 ЖОМ Кисилева Виолетта, №15 ЖОМ Улкенбаева Асель, №15 ЖОМ Аленова Сания, М.Алимбаев атындағы  ЖОМ  оқушысы  Веснина Анастасия марапатталды. Аспаптық орындау номинациясында I орынды № 6 ЖОМ оқушысы Қожан Арнұр иеленді.

Жүлдегерлер сәуір айында облыстық турға қатысады.