Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас математиктердің ІХ аймақтық турнирі
03-05-2022 13:38
Жас математиктердің ІХ аймақтық турнирі

Павлодар қаласында 2022 жылдың 25-28 сәуір аралығында жас математиктердің ІХ аймақтық турнирі өткізілді.

Турнирге Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен қалаларынан (ШҚО), Назарбаев Зияткерлік мектебінен және Павлодар облысының мектептерінен 16 команда құрамында 7-8 сыныптың 96 оқушысы қатысты.

Павлодар қаласы  2 команда  ұсынды:  мемлекеттік тілде оқытатын "КВАНТ - ДАРЫН"  - №№ 2, 7, 25 (2), 37, № 38 НЖББМ және "SIGMA" - орыс тілінде оқытатын мектептер №№11, 17, 18, 21, 29, 34.

Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өтті.

Бірінші кезеңде командаларды екі лига бойынша бөлу мақсатында жазбаша түрде командалық олимпиада өтті: екінші кезеңде қатысушылар 3 күн ішінде есептерді шешуде жарысты, математикалық  жарыстарға  қатысты. Турнирдің негізгі бөлігін математикалық жекпе-жектер құрады, онда командалар күрделі есептерде өз шешімдерін қорғады.

Турнир қорытындысы  бойынша  екінші лигада Құрмет грамотасымен   Павлодар қаласының "SIGMA" командасы марапатталды; "Ең жас қатысушы"номинациясында №38 ЖББМ 6 сынып оқушысы Ғабдуллин Жандос марапатталды.