Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Менің кішкентай Отаным
04-05-2022 09:41
Менің кішкентай Отаным

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Менің кіші Отаным"конкурсының қалалық кезеңі  өткізілді.

Байқаудың мақсаты-қала мектептері оқушыларының оқудағы,шығармашылық қызметіндегі жетістіктерін қолдау; балалардың бойында патриоттық сезімді, өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Байқауға жалпы білім беретін 10 мектептің № 19,21,23,25,29, 33,34,37, К.Мақпалеев атындағы мектеп пен № 20 мектеп - лицейінің 8-11 сыныптарынан 59 оқушы қатысты.

Байқау   қатысушылары  "Болашақтың тұғыры білімді ұрпақта" тұсаукесерінде өздерінің жетістіктерімен таныстырды (алғыс хаттар,дипломдар, пәндік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің фотосуреттері).

Командалар   "Адам болатын бала – алысқа қарайды"атты үй тапсырмасын  әр түрлі қызмет бағыттары бойынша қатысушылардың жетістіктері туралы бейнеролик түрінде ұсынды.

"Рухани жанғыру", "Менің кіші Отаным" тақырыбындағы "Шіркін life" биатлонында оқушылар өздерінің туған өлкелері, оқудағы жетістіктері туралы айтты.

Байқау соңында қорытынды жасалды.

I орын № 20 мектеп - лицейінің "Болашаққа қадам" командасына бұйырды.

Қатысушылар өз командасы туралы мазмұнды және ерекше ақпарат берді.

II орынды "Ұлы Дала мұрагерлері" № 25 ЖОМ және "Тұмар"№ 37 ЖОМ командалары бөлісті.

III орынды "Томирис" № 19 ЖОМ және "Жас данышпандар"№ 34 ЖОМ командалары иеленді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны"орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Үздік жұмыс "Менің кіші Отаным" конкурсының облыстық кезеңіне  қарастыру үшін жіберілді.