Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ш. Смагулов атындағы математика бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысу
04-05-2022 17:05
Ш. Смагулов атындағы математика бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысу

Әль-Фараби атындағы  Қазақ  Ұлттық   университеті   Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығымен   бірлесіп  академик   Смагулов  Шалтай  Смағұлұлы  атындағы  V математикалық   олимпиада өткізілді.Олимпиада мақсаты - математика бойынша дарынды балаларды  ынталандыру және қолдау.

Олимпиаданың I іріктеу туры 30 сәуірде  өтті. Олимпиадаға Павлодар қаласының 36  жалпы білім беру мектептерінен  (№ 1, 2, Қ. Макпаелеев ат, 5, 7, 9, 11, К. Беқхожин атындағы, М. Әлімбаев ат,  14, 17, 18, 19, 21,Б. Момыщұлы атындағы, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 41, 43,М. Әуэзов атындағы, Кенжекөл, БИЛ ерлер,  № 16 лицей-мектебі), «Жас дарын» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, № 3 гимназия, Павлодар қаласының № 8 лицей мектебі және Ақсу мектебі, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 6 - 7 сыныптың 431оқушысы қатысты.

Іріктеу кезеңінің барлық жұмыстары Әл-Фараби атындағы университетке жіберіліп, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша екінші кезеңге жалпы білім беретін мектептерден 17 оқушы жіберілді.

№ 7, 9, 17(2), 24(2), 25(2), 28, 29, 36(3), 37, 39, К. Мақпалеев атындағы, № 16 мектеп-лицейі.

Екінші кезең ағымдағы жылдың 15 мамырында өтеді.