Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шон би оқулары
06-05-2022 09:00
Шон би оқулары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 5 мамырда "Шон би оқулары" қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға жалпы білім беретін № 9, 19 (2), 20 (2), 21 (3), 25 (2), 27 (2), 29 (2), 33 (3), 37 (2), 40 (2), М. Мақпалеев, к. Бекхожин атындағы (2)  12 мектептен 7 - 11 сыныптардан 24 оқушы қатысты.

Мақсаты-дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың оқу мәдениетін, ата - бабаларының тарихын білуге деген танымдық қызығушылығын арттыру.

Конкурс үш секция бойынша өтті және нақты материалға сүйене отырып, күрделі проблемалық тапсырмаларды шешуде өз білімін тексеру, өз пікірін дәлелдей алу үшін жарысты. I секцияда  қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазды. Екінші секция "Арнаймын жыр маржанын бабаларға" атты ақындар мүшәйрасынан тұрды. 3 секция – қатысушылар 40 минут ішінде ұлы бидің өмірі мен шығармашылығы туралы 30 тест тапсырмасына жауап берді.

10 оқушы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын - 3, екінші орын - 3, үшінші орын-4.

I орын иегерлері № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Рамазанова Амина, № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Манай Фатима, № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кендиров Қазыбек.

II орынды № 29 ЖОМ 9 сынып оқушылары Қайыргелді Назерке, К.Мақпалеев атындағы мектеп Саурбаев Мерхат, № 40 ЖОМ 8 сынып оқушысы Серікмұрат Қалима иеленді. III орынды - № 37 ЖОМ Батырбек Нұрилә және № 25 ЖОМ Камесхан Нұртілек  9 сынып оқушылары, № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Али Гүлназ, № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы Балтабаев Ерасыл иеленді.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың 27 мамырында облыстық кезеңге қатысады.