Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
05-05-2022 09:13
ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 3-6 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиада өткізді.

       Олимпиаданың мақсаты-дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау.

Іс-шараға Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан 207 оқушы қатысты. Павлодар облысынан республикалық олимпиадаға 13 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дюсембина Томирис.

     Сайыс екі кезеңнен тұрды: эссе жазу және ауызша тапсырма. Қатысушылар Қанипа Бітібаеваның өмірбаянын, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білуде өзара жарысты.

        Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары үш 2 орын және екі 3 орын алды. Томирис қола медаль жеңіп алды.

    Іс-шара барысында олимпиада қатысушылары Шығыс Қазақстан өнер мұражайына барды. Командалар жетекшілеріне семинар ұйымдастырылды, Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, ғалымның туған әпкесі Бақытгүл Омарғалиқызы Бітібаева және К. Бітібаева атындағы зертхана басшысы Меруерт Қозықанқызы Мұқашева "Қанипатану"өзекті мәселелерімен бөлісті.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.