Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Театрдың ғажайып әлемі» қалалық байқауының қорытындысы
06-05-2022 09:27
«Театрдың ғажайып әлемі» қалалық байқауының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  5 мамырда

№ 7 ЖОМ базасында «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты-өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Байқауға № 7, 11, 17,21, 25,28, 34, 36,М. Әлімбаев, КЖОМ    10 мектептен  90 оқушы қатысты

Фестиваль-конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл,балет, данс - спектакль және т.б.),«Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ қойылымы».

«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша  I дәрежелі дипломмен № 11 мектептің «Іпсайт» театр ұжымы марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен  -  № 28 мектептің «Домовята»  театр ұжымы.

ІІІ дәрежелі дипломмен  -  № 21 мектептің «Алау» театр ұжымы.

«Әдеби-музыкалық композиция»  номинациясыбойынша  № 17 «Драм studio» мектебінің театр ұжымы I дәрежелі дипломмен марапатталды.

ІІ орынды  №34 ЖОМ   «Алые паруса»  театр ұжымы жеңіп алды.

 № 36  мектебінің «Овация»  театр ұжымы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Қуыршақ спектаклі» номинациясы бойынша  КЖОМ  «Қуыршақтар» театр ұжымы I дәрежелі дипломмен марапатталды.

ІІ орынды М.Әлімбаев атындағы мектептің «Театр - өмір айнасы» театр ұжымы жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері   «Павлодар дарын»  балаларды жұмыспен қамту және дарындылығын дамыту орталығы  І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен марапатталды.