Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Смагулов Шалтай атындағы олимпиаданың II турының қорытындысы
18-05-2022 11:17
Смагулов Шалтай  атындағы олимпиаданың II турының қорытындысы

Академик Смагулов Шалтай Смагулов   атындағы V Республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 6-7 сыныптарының 52 оқушысы, оның ішінде І турдан сәтті өткен Павлодар қаласы  мектептерінің 12 оқушысы қатысты.

       Олимпиаданың мақсаты-математикадан дарынды балаларды қолдау және ынталандыру.

Олимпиаданың іріктеу кезеңі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп 15 мамыр күні өтті. II іріктеу кезеңіне  № 7, 17, 24 25(2), 28 29, 36(2), 37, 39, Мақпалеев атындағы жалпы білім беретін 10 мектептің оқушылары қатысты.

        Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орын иеленіп, жүлдегерлер қатарына № 28 мектептің 6 сынып оқушысы Арбуз Платон енді.

      Алматы қаласында 12-15 маусым аралығында өтетін III  турға өту ұпайын  жинаған оқушылар шақырылады. Өту ұпайы жақын арада сайтта жарияланатын болады matol.kz.

     "OlympHouse" КҚКО екінші кезеңнің барлық қатысушыларын Павлодар қаласының ең нәтижелі жаттықтырушыларының жетекшілігімен өтетін  математика сабақтарына қатысуға шақырады.