Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық Олжас оқулары
19-05-2022 16:21
Қалалық Олжас оқулары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының

2022 жылғы 19 мамырда "Олжас оқулары" байқауының қалалық кезеңі  өткізілдді. Байқауға 8 мектептен 5-11 сыныптардан 13 оқушы қатысты № 2, 7, 20(2), 21(4), 26, 30, 31(2), 37.

Байқаудың мақсаты-мектеп оқушылары арасында қазақ ақыны мен жазушысының шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, поэзияға, ұлы ойшылдардың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

 Байқау шарты бойынша қатысушылар екі номинацияға қатысты. "Інжу маржандары" өлеңдер байқауы, Олжастың өлеңдерін жатқа оқу, ақын шығармаларының саны ескерілді.

"Қаламгер толғауы" байқауы – жас таланттардың Олжас Сүлейменовке арналған шығармаларды орындауы. 7 оқушы  олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, олардың ішінде бірінші орынды - 2, екінші орынды - 2, үшінші орынды - 3.

I орынды № 21 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ибраимов Тамерлан, № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тоқташева Көркем, II орынды № 2, 26 мектеп оқушылары , III орын – № 21(2), 31 ЖОМ оқушылары иеленді.

 Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.