Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық дебат мектебінің алғашқы түлектері
20-05-2022 22:07
Қалалық дебат мектебінің алғашқы түлектері

       Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы "Қағанат" ҚБ-мен бірлесіп "Жаңа көзқарас" қалалық дебат мектебінің оқу жылындағы жұмысын қорытындылады. Іс-шараға Павлодар қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасары К.Т. Қыдыралин, "Қағанат"ҚБ төрағасы Еркеғали Жанғазы, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің директорлары, мектеп дебат үйірмелерінің жетекшілері және ата-аналар қоғамдастығы қатысты.

      Мектеп жұмысын қорытындылаған кезде 2022 жылғы 20 мамырда Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінде алғашқы түлектерге салтанатты құрмет көрсетілді. Олардың ішінде 10 сынып оқушылары, қалалық, облыстық, республикалық пікірсайыс турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бейсенғали Әдия, Жасқайратова Аяулым, № 19 мектеп оқушылары, Сағын Дана, Төлеуова Нұрай, Балпекова Индира, № 7 мектеп оқушылары, Тілеуқабылұлы Мұстафа, Жұмабекұлы Марғұлан, № 35 мектеп оқушылары Мағамет Жібекжан, Бейсембина Сәлима, № 2 мектеп оқушылары, Балагазинова Жанель, Рамазанова Рауза, № 25 мектеп оқушылары қатысты.

   Түлектерге курстан өткендігі туралы "Парламенттік пікірсайыстың базалық дағдылары" сертификаттары және алғыс хаттар, команда басшылары мен түлектердің ата-аналарына "Павлодар дарыны"орталығының алғыс хаттары табыс етілді.

   Мектеп бірінші жыл "Павлодар дарыны"орталығында жұмыс істейді. Дебат мектебінің құрамына қаланың 34 мектебінің командалары, 8-10 сыныптың  77 - ден астам оқушысы енді. Осы кезеңде "Қағанат"ҚБ төрағасы Еркеғали Жанғазының белсенді қатысуымен 5-тен астам қалалық, облыстық турнирлер өткізілді.