Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстан балалары жылына арналған «Жайдарлы жаз» қалалық жазғы мереке
02-06-2022 16:13
Қазақстан балалары жылына арналған   «Жайдарлы жаз» қалалық жазғы мереке

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы            2 маусымда қалалық демалыс орталығында (қалалық саябақ)  Қазақстан балалары жылына арналған "Жайдарлы жаз" қалалық жазғы мерекесі  өткізілді.

Мерекенің мақсаты – «Бүлдіршін» XXII мектепке дейінгі балалар шығармашылығы фестивалінің республикалық кезеңінің, «Ақ шағала»  облыстық фестиваль - конкурсының республикалық кезеңінің және «Үлкен үзіліс-2022» жобасының жүлдегерлерін марапаттау.

«Бүлдіршін»  мектепке дейінгі балалар шығармашылығының XXII фестивалінің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен № 93 балабақша ұжымы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 126 балабақша ұжымы, № 2 балабақша тәрбиеленушісі Аманолла Сымбат марапатталды.

«Ақ шағала»  республикалық фестивалінің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша

І дәрежелі дипломмен № 40 ЖОМ «Акварель», «Рыжий кот»,   Қ. Бекхожин атындағы «Шұғыла»  хореографиялық ұжымдары «Шашу» қазақ   халық   биін орындағаны үшін марапатталды, бидің  ашық  хореографиялық орындалуы қатысушыларға лайықты және сенімді жеңіс әкелді; ІІ дәрежелі дипломмен № 41 ЖОМ және № 9 ЖОМ «Dance kids» хореографиялық ұжымдары марапатталды"; ІІІ дәрежелі дипломмен № 1 ЖОМ, М.Әлімбаев атындағы ЖОМ – «Эйфория» ұжымдары марапатталды.

Оқу жылы бойы 30 сынып ұжымдары қаладағы үздік сынып атағы үшін жарысты, бұл қызықты жаңа ақпаратсыз бір минут өмір сүре алмайтын білімқұмар балалар. «Үлкен үзіліс – 2022»  жобасы 7 түрлі кезеңнен тұрды, балалар ата-аналарымен бірге шығармашылық нөмірлер, пародиялар, спорттық жарыстар, бейнепрезентациялар арқылы өз таланттарын көрсетті!

«Үлкен үзіліс»  байқауының бас жүлдесін № 43 ЖОМ 9 сынып оқушысы жеңіп алды .

І дәрежелі дипломмен М.Әуезов атындағы мектептің 5-сынып оқушылары; ІІ дәрежелі дипломмен № 26 ЖОМ (6-сынып), № 29 ЖОМ (8-сынып) ұжымдары; ІІІ дәрежелі дипломмен № 38 ЖОМ (9-сынып), КЖОМ (8-сынып) оқушылары марапатталды.