Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жазғы- Лайф бағыты бойынша Квест ойыны
06-06-2022 15:52
Жазғы- Лайф  бағыты бойынша Квест ойыны

      Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 6 маусымда «Жайдарлы жаз»  жазғы кешенді бағдарлама аясында  № 7 мектеп стадионында "Жазғы  - Лайф бағыты бойынша" спорттық – ойын - сауық квест-ойыны өткізілді.

      Квест-ойынға қаланың 25 жалпы білім беретін мектептерінен 5-8 сыныптардан 256 оқушы (25 команда) қатысты.

      Мақсаты-оқушыларды дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға баулужәне қызығушылығын дамыту.

        Спорттық-ойын-сауық квесті ойын түрінде аялдама бойынша  өтті. Командалар 9 аялдама  бойынша саяхат жоспары көрсетілген маршруттық парағын алып, нүктелер бойынша жылжыды, түрлі тапсырмаларды орындады. Квест ойыны командаларға уақытты белсенді өткізуге ғана емес, сонымен қатар өздерінің жасырын қасиеттері мен әлеуетті қабілеттерін көрсетуге, тапқырлығын, коммуникативті дағдыларын дамытуға,  жылдам,тез  және өз бетінше ойлауға, команда құрамында да әрекет етуге үйренуге мүмкіндік берді.

Квест-ойынның қорытындысында  ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Барлық аялдамаларда  тапсырмаларды орындауда үздік нәтиже көрсеткен №41 мектептің "Эдельвейстер" командасы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2 дәрежелі дипломмен № 18 ЖОМ "Торнадо", № 35 ЖОМ "Жалын", №39 ЖОМ "Сұңқар", М.Әуезов атындағы "Суперстар", №36 ЖОМ "Спортландия" командалары марапатталды.

№5 ЖОМ "Олимпиадашылар", №7 ЖОМ "Сұңқар",№15 НББМ "Банда", №16 ЖОМ "Жұлдыздар", №17 ЖОМ "Спарта",№21 ЖОМ"Эдельвейс", №23 ЖОМ "Поление Next", № 26 ЖОМ «Спорт», "Орлы" № 34 ЖОМ

«Бүркіттер" командалары 3 дәрежелі дипломмен марапатталды