Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Би таланттары
07-06-2022 17:39
Би таланттары

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жайдарлы жаз» жазғы кешенді бағдарламасы мектептегі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын, спорттық және интеллектуалдық дамуын қамтиды.

Бағдарлама аясында «Жаз-өмір жолында», «Отбасынан лайфхак», «Шарлар фестивалі», «Құмды қиял», «Асфальтта сурет салу байқауы», «Отбасыдан лайфхак», «Dance Mix», «Өз қолыңызбен гүл», «Көңілді старттар» және т.б. сынды 17 жоба ұйымдастырылды.

Қалалық демалыс орталығында 2022 жылдың 7 маусымында Павлодар қаласының 33 жалпы орта білім беру мектебінен 290 оқушының қатысуымен «Dance Mix» қалалық байқауы өтті.

Қатысушылар музыка әуенімен би композицияларын көрсетті. Балаларға арналған би - бұл тек қана әсем спорт емес, кез келген спорт түріне балама, тіпті баламадан да артық, өйткені бұл қозғалыс, пластикалық және бір уақытта музыкаға деген сүйіспеншілік.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар қатарында ең икемді, ырғақты шығармашылық мектеп әртістері болды. Жарыс қорытындысы бойынша 23 команда жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде 2 команда бірінші, 6 команда екінші, 23 команда үшінші орынға ие болды.

Кенжекөл ЖОМ «Жаңашыл билер», №34 «Өнерлі балалар», №11 «Шебер ырғақ» номинацияларымен 3 мектептің командалары марапатталды.

1-орынның иегері № 35 және 39 мектеп командалары атанды.

ІІ жүлделі орындар №16, 17, 19, 29, 43, М.Әлімбаев атындағы мектептердің даңқты қыздары мен ұлдарына, ІІІ орынға №6, 14, 15, 16, 18, 21, 24, 25, 26, 33, Қ.Мақпалеев атындағы және М.Әуезов атындағы мектеп оқушыларының командалары лайық деп танылды.

Балалар сахнада әйгілі билерді билеп, өнерпаздардың түрлі өнеріне тәнті болған көрермендер әртістерге ду қол соқты.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарын» бос уақытты қамтужәне балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.