Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жазғы – Лайф» бағытында «Көңілді мәрелер» конкурсы
10-06-2022 14:42
«Жазғы – Лайф» бағытында  «Көңілді мәрелер» конкурсы

Павлодар дарынының бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы жазғы  кешенді бағдарлама  аясында 9 маусым 2022 жылы № 7 мектеп спорт алаңында  «Жазғы –Лайф» бағытынды «Көңілді мәрелер» спорттық ойын-сауық конкурсы өтті.

         «Көңілді мәрелер» конкурсына 27 орта білім беру мектептерінен 1- 5 сыныптан 270 оқушылар қатысты.

         Бұл конкурстың мақсаты - балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналасуға тарту. Спорттық ойын-сауық жарысы эстафета түрінде өтті.  Әрбір ұтылған команда ойыннан шығып отырды. Командалар қызықты эстафеталық жарыстардан өтті: командаларымен таныстыру (аты, девиз, эмблема), жүгіріс эстафетасы, доппен жүгіру эстафетасы, капитандар жарысы мұнда олар спорттық шеберліктерін көрсете алды.

         Балалар жылдамдық, ептілік, топпен жұмыс жасауды, өз командасының жеңіске жетуіне барынша тырысты. «Көңілді мәрелерге» қатысу арқылы балалар өздерін біртұтас үлкен спорттық отбасы ретінде сезіне алды.

         Байқау қызықты өтті, көптеген жағымды эмоциялар мен әсер қалдырды. Спорт алаңында өткізілген шара оқушыларға өте қызықты және конкурс көңілді өтті. Өткізілген спорттық мереке балаларды біріктірді, қатысқан оқушыларды бей-жай қалдырмады.

         Байқау қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып марапатталды.

І дәрежелі дипломмен Мақпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Фортуна» атты командасы марапатталды.  

ІІ дәрежелі дипломмен № 41 жалпы орта білім беру мектебінің «Эдельвейс» командасы марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен № 5 жалпы білім беру мектебінің «Олимпийцы», 7 «Сұнқар» командалары  марапатталды.Барлық команда мүшелері мақтау қағаздарымен марапатталды, жүлделі орындарға ие болған командалар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.