Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жазғы жағажайдағы ғажайыптар
14-06-2022 15:43
Жазғы жағажайдағы ғажайыптар

"Жайдарлы жаз" жазғы жоба аясында  Павлодар қаласының  білім беру бөлімі "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  2022 жылғы 14 маусымда Төменгі жағажайда  "Жазғы жағажай ғажайыптары" қалалық  байқауы  өткізілді.

Жобаның мақсаты көркем әлеуетті және шығармашылық қиялды дамыту, таза ауада қызықты бос уақытты, салауатты өмір салтын насихаттау.

Қалалық жағажай  жағалауында № 1, 2,  5,  7 , 9, 11, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 26, 27, 28 ,29, 30,  32, 33, 34, 35, 36, 37 , 41, 43,М. Әуезов, К. Мақпалеев ,К. Бекхожин, Б. Момышұлы атындағы Кенжекөл және Жетекші мектептерінен жалпы  671 оқушы қамтылған 34 әртүрлі  жастағы  командалар қатысты.

Ескі қалалардың мұнаралары заманауи аквапарк пен океанариуммен алмастырылды,құмырсқа  қаласының керемет ғимараты өзінің жылдамдылығымен  қазылар алқасын таң қалдырды. Қатысушылар өздерінің құмды  құрылыстарын  талантты түрде құрып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің көркем туындылары туралы өте қызықты айтып берді. 60 минуттық жасалған еңбектері жылдам өте шықты.

Шаршаған, бірақ қанағаттанған жас сәулетшілер өздерінің құмды туындыларына таң қалды .

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны"орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 I орынды № 14 мектептің "Shark", Б.Момышұлы атындағы мектептің "Тұран",№ 25 "Күншуақ", Жетекші  мектебінің "Құлыншақ"командалары иеленді.

II орынды № 2, 5, 19, 15, 23, 29, 32, 34, 36, № 16 лицей-мектебі, К. Мақпалеев атындағы  мектеп командалары иеленді

III орынды № 1, 7, 11, 17, 18, 9, 21, 24, 26, 28, 30, 33, 35, 37, 41, 43, Кенжекөл, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әуезов атындағы мектеп командалары иеленді.