Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Облыстық Едігей оқуларының қорытындысы
16-06-2022 17:50
Облыстық Едігей   оқуларының қорытындысы

"Едіге оқулары"  байқауының   облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 7 - 11 сынып оқушылары, байқаудың   қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Павлодардан  № 20, 40, 41 мектептерінің  3 оқушысы қатысты.

Оқу 2022 жылдың 16 маусымында дарынды балаларға арналған "Жас дарын" облыстық мамандандырылған мектебінде өтті. Ұйымдастырушы облыстық білім беру басқармасының "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және "Кереку  билер  алқасы "ҚБ.

Байқау  ережесіне сәйкес 3 бағыт бойынша өткізіледі. Байқау қорытындысы бойынша 41 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласының 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Байқау шарты бойынша қатысушылар Едіге би туралы эссе жазды, барлығы 12 оқушы қатысты, оның ішінде № 40 қала мектебінен 1 қатысушы.

Тестке 17 оқушы қатысты, оның ішінде № 20 мектептен. Қатысушылар 40 минут  ішінде  ұлы Едіге бидің өмірі мен шығармашылығы туралы 40 тест тапсырмаларына жауап берді.

Зерттеу жұмысына 12 оқушы қатысты, оның ішінде № 41 қала мектебінен 1 оқушы.

Оқу қорытындысы бойынша павлодарлық үш қатысушы би туралы өз білімдерін көрсете алды: Бас жүлдені Қабыкен   Мөлдір № 40 ЖОМ 8 сынып оқушысы, I орынды № 20 ЛМ 10 сынып оқушысы, Қайролла Елнұр иеленді және № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Муханов Ерали Алғыс хатпен марапатталды.

Қатысушылар жүлделі орындар үшін кубокпен, I, II дәрежелі дипломдармен, облыстық білім басқармасының "Ертіс дарыны "қосымша білім беру орталығының және "Кереку билер алқасы" Алғыс хатымен   «Жырлаумен өткен 20 жыл», «Қазақтың көрнекті биі» кітаптарымен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.