Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаңа жол, жаңа мақсаттар!»
22-09-2022 09:56
«Жаңа жол, жаңа мақсаттар!»

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында 2022 жылғы 21 қыркүйекте аға тәлімгерлердің "Жаңа жол, жаңа мақсаттар" ұйымдастыру отырысы өтті.

Аталған кеңес қала мектептерінің аға тәлімгерлерімен қарым – қатынас жасау және бірлескен ынтымақтастық үшін жағдай жасау, ұжымдық-шығармашылық  қызметті ұйымдастыру мақсатында   өткізіледі.

2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен "Павлодар дарыны" БУҚБДДО жаппай ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Айдарханова Р. М. сөз сөйледі.

Жылдық жоспарда көрнекті өнер қайраткерлерінің, ақындар мен жазушылардың мерейтой, естелік күндері бойынша іс-шаралар, оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру үшін тәрбие жұмысының бағыттары бойынша конкурстар жоспарланған.

"Мектептегі аға тәлімгердің рөлі" тақырыбында Д.А. Грейнштейн (№26 ЖОМ) баяндама жасады. Слайдтарда оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын қолжетімді түрде көрсетті, "ЖасҰлан" балалар бірлестігінің дамуы, еріктілер қозғалысының іске асырылуы, салауатты өмір салтын насихаттау туралы айтты.Жиын соңында өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды