Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап "Үлкеннің жүрген жері береке-жастың жүрген жері мереке" атты қалалық "Қамқорлық"акция - айлығы өтті.Акцияға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 6-8 сынып оқушылары қатысты.
Акцияның бастамашысы және ұйымдастырушысы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы болып табылады, акция 5 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін өтті.
Акцияның мақсаты-мәдени-адамгершілік тәрбие беру, аға буынға құрметпен қарауды қалыптастыру, олардың өмірбаянын, облыстың, елдің дамуына қосқан үлесін білу, егде жастағы адамдарға көмек көрсету және оларға қамқорлық жасау жөніндегі іс-шараларға қатысу.
Акцияның шарты бойынша қатысушылар соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерімен, шағын ауданның зейнеткерлерімен өткізілген іс-шаралардың фотоесебін ұсынды.Мектеп оқушылары тек педагогикалық еңбек ардагерлерін ғана емес, өз шағын ауданының зейнеткерлерін де шақырды. 28 қыркүйекте №26 ЖОББМ бірлесіп "Павлодар облысының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арнайы қызмет көрсету орталығы" КММ-не концерттік бағдарламамен барды. Мектеп оқушылары өздерінің музыкалық нөмірлерімен бүгінгі мереке өскелең ұрпақтың аға буынға деген құрметі мен ризашылығын білдіруге арналғанын атап өтті.
Акцияға қаланың 14 мектебі қатысты, ең үздік жұмыстар әлеуметтік желілер, Instagramға қойылды.