Павлодар қаласының білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 4 қазанда № 35 мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында "Ақберен" республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты - оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласындағы кәсіби қызметті таңдауға, өлең жазуға, тапқыр талантты ашуға, оқушылардың қабілеттерін (поэтикалық, шешендік шеберлік, түрлі ұлттық аспаптарда ойнау және т.б.) шығармашылық қабілеттерін анықтау. Байқау алты номинация бойынша өтті, оған қаланың 28 жалпы білім беретін мектебінің 97 оқушысы қатысты.
Конкурс қорытындысы номинация бойынша:
- "Шешендік, бірлік сайысы"I орынды № 2 мектептің 11 сынып оқушысы Мағамет Жібекжан, II орынды № 35, Б. Момышұлы атындағы мектеп, III орынды -№ 21, 38 мектеп, Қ. Бекхожин атындағы мектеп оқушылары иеленді;
- "Көркем сөз оқу" - I орынды Ғалымжан Айбек, № 17 ЖОББМ 11 сынып оқушысы, II орынды № 20,25, 30 мектеп оқушылары, ІІІ орынды Қ. Бекхожин атындағы № 2, 38 мектеп оқушылары иеленді;
- "Эссе жазу" - I орынды № 30 мектептің 9 сынып оқушысы Нұрлан Ескендір және 11 сынып оқушысы Ахметова Камила, II орын № 20, 32, 33, III орын № 1, 19, 25, 39, 40, М. Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары иеленді;
- "Ұлттық аспапта ойнау" - I орынды № 20 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, Кеңес Жансая, II орынды № 25, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылары, III орынды № 2, 17, 43, Кенжекөл ЖОББМ мектеп оқушылары иеленді;
- "Ақындар айтысы" I орынды № 37 мектептің 10 сынып оқушысы Нұрғалиев Думан, II орынды № 33 мектеп, III орынды № 21, 29 мектеп иеленді;
- "Ақындар мүшайрасы" - I орынды № 20 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушысы Сана Жылқайдарова, II орынды № 2, 35 мектептер, III орынды № 1,7,38 мектептер иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың қазан айында өтетін облыстық кезеңге өтеді.