Павлодар қаласының білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардыңдарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 6 қазанда ХV Республикалық Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.
Мақсаты-мектеп оқушыларының теориялық білімдері мен дағдыларын тексеру, дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау және олардың әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуы.
11 сыныптың 50 оқушысы жаратылыстану-математикалық цикл математика, физика, химия, биология пәндері бойынша білімдерін тексерді.
Олимпиада қорытындысы бойынша I орынды Фазыл Азиз (№17 ЖОМ), Халимов Артур (№34 ЖОМ), Заркен Санжар (КЖОМ), АубакировСанжар( Б. Момышұлы ЖОМ), Гусак Ксения (№39 ЖОМ).
II орынды № 14, 34, 16, 27 ,К.Мақпалеев, Кенжекөл ЖОМ 6 оқушысы иеленді.
III орынды № 2, 16, 19 (2), 21, 24, 29 (2), 43, Б. Момышұлы атындағы мектептердің 10 оқушысы иеленді.
Олимпиаданың ережесіне сәйкес ең жоғары ұпай жинаған 5 оқушы 2022 жылдың 12 қазанында өтетін олимпиаданың 1 (өңірлік) кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.