Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп президенті-көшбасшылыққа алғашқы қадам
11-10-2022 15:31
Мектеп президенті-көшбасшылыққа алғашқы қадам

       2022 жылғы 11 қазанда "Павлодар дарыны"  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығы" базасында қала мектептерінің оқушылардың өзін – өзі басқару көшбасшылары үшін "Көшбасшы болуды үйренеміз!» дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, үйлестірілген бірлескен жұмыстың, адамдар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын анықтауға, ұжымды біріктіруге, көшбасшы мен ұжымның бірлігін түсінуге бағытталған.

       Дөңгелек үстел жұмысына қаланың 42 мектебінің оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары қатысты.Кездесуге Павлодар қаласының тәрбие жұмысы секторының бас маманы А. А. Шакирова және "Харизма" жастар театрының жетекшісі С. С. Кишкимбаева қатысты.

       "Павлодар дарыны" орталығының әдіскері - С.Б. Арғынова дөңгелек үстелге қатысушыларды Президенттік мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Б.Б. Кәкімов - "Павлодар дарыны" орталығының педагог-ұйымдастырушысы балалармен үш кезеңнен тұратын батл өткізді: бірінші тур – музыкалық; екінші тур – "Ел Президентін ата" тест  және үшінші тур – полиглот, сөзді орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде атау қажет.

"Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметі "тақырыбындағы өз баяндамаларында № 2 ЖОМ 10 сынып оқушылары Ахмади Қайрат, № 25 Зейніл Гүлнара және № 16 мектеп-лицейінің оқушылары Игорь Леликов президенттер мектеп белсенділері, көшбасшылар кеңесі шынымен де өзекті екенін атап өтті.

        Әңгіме барысында мектеп көшбасшыларының оқу-тәрбие жұмысындағы рөлі, оқушылардың мектептің, қаланың түрлі іс-шараларына қатысуы туралы сұрақтар қозғалды.

        Кездесу қонағы С. С. Кишкимбаева "Көшбасшылық қасиеттерді анықтау"тренингін өткізді.Осы тренинг барысында балалар достық қарым-қатынас орнатуды, өзіне, өз күшіне деген сенімділікті дамытуды, шешендік шеберлік дағдыларын пысықтауды үйренді.

         Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, мектеп өмірін одан әрі жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Балаларға әңгіме және оның бейресми ортасы өте ұнады.