Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Үлкен үзіліс - 2023"
12-10-2022 16:35

Республика күні аясында "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 12 қазанда № 7 ЖОМ стадионында  "Жеңіс мәресі» атты «Үлкен  үзіліс - 2023" ұзақ мерзімді жобасының  I кезеңін өткізді.

Жоба  өзін-өзі ұйымдастыру  шығармашылығын  бағалау, өзін-өзі жүзеге асыру,ұжымдық ынтымақтастық дағдыларының деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жоба оқу жылы бойы өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады. Мектептен бір сынып қатысады, әр кезеңде 3 төмен ұпай  жинаған командалар жобадан шығарылады.

 «Жеңіс мәресі»  спорттық турына   № 1, 5, 7, 11, 14, 17, 18, 19, 21, 23, 25, 26, 31, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 43, Қ. Мақпалеев , Қ.Бекхожин, М. Әлімбаев , Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл, Жетекші  жалпы білім беретін мектептерінен 306 оқушыдан тұратын 26 команда қатысты.

Қатысушылар белсенді уақыт өткізіп қана қоймай, өздерінің жасырын қасиеттері мен әлеуетті қабілеттерін көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша ең төмен балл алған № 23, 25, Кенжекөл мектептері жобадан шығарылады. Қалған мектептермен келесі кезеңдерде көрісеміз.