Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қазақ тілінде сөйлеуді үйренеміз" Радио мектебі туралы
13-10-2022 12:42

        2022 жылдың қазан-мамыр айлары аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы Halykradiosy "Ертіс медиа" ЖШС - мен бірлесіп "Қазақша үйренейік" - "Қазақша сөйлеуді үйренеміз" радиомектебін өткізеді. 6 ай ішінде радиомектепке № 9, 17, 18, 21, 23, 24, 26, 27, 28, 36, К. Мақпалеев атындағы, М.Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы  жалпы білім беретін мектептердің 8-сынып оқушылары қатысады

         Байқаудың мақсаты-мемлекеттік тілді үйрену, қазақ тілін оқитын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.

        Байқау шарты бойынша қатысушылар 2 апта бойы таңдалған тақырыппен жұмыс істейді: қазақ тіліндегі өлеңдер мен мәтіндерді үйренеді. Содан кейін 7 оқушы радиода тікелей эфирге шығады, басқа қатысушылар өз пікірлерін  WhatsApp Halyk radiosy-ға жібереді.

Аталған кезеңде барлығы 14 сабақ өтеді.

         Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі