Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Физика және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадасы
13-10-2022 16:09
Физика және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадасы

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында 2022 жылғы 13 қазанда «Физика» пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі және «Бағдарламалау» пәні бойынша № 28 орта мектепте өтті.

Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.

Физика пәнінен олимпиада 2 турда өткізілді: іріктеу жазба туры және практикалық эксперимент ауызша түрде. Информатика пәні бойынша олимпиада компьютерде бағдарламалау тілдерінде өткізілді: Pascal, Free Pascal, Delphi, C++,  Python.

Физика пәнінен жасөспірімдер олимпиадасына 35 оқушы және бағдарламалау бойынша 27 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Физика» пәні бойынша қатысушылар 8 жүлделі орынға ие болды: І орын - 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 5.

І дәрежелі дипломмен № 34 орта мектептің 8 сынып оқушысы БексолтановСабит марапатталды. II дәрежелі дипломдармен - № 29 орта мектептің 8 сынып оқушысы Гудель Карина және № 39 орта мектептің 8 сынып оқушысы Қайыржанова Сабина марапатталды. III дәрежелі дипломдармен № 9 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Старикова Дарья, № 18 орта мектептің 8 сынып оқушысы Әділ Темірболатов, № 41 орта мектептің 8 сынып оқушысы Сламбекова Аруна, Кенжекөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Есенбекқызы Амина және № 23 орта мектептің 8 сынып оқушысы Роман Гайдаренко марапатталды.

«Бағдарламалау» пәні бойынша олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 4 жүлделі орынға ие болды: І орын - 1, ІІ орын-1, ІІІ орын – 2, Құрмет грамоталары - 3.

І дәрежелі дипломмен, № 17 орта мектептің 8 сынып оқушысыОсевичВиктор, II дәрежелі дипломмен, М. Әуезов ат. орта мектептің 7 сынып оқушысы Ткачев Артур, III дәрежелі дипломмен: № 28 орта мектептің 7 сынып оқушысы Эберт Артем және № 39 орта мектептің 8-сынып оқушысы Матюшева Кира марапатталды.

Құрмет грамоталарының иегерлері: № 23 орта мектептің 7 сынып оқушысы Гоппе Владимир және № 43 орта мектептің 8 сынып оқушысы Крицкий Александр.

Жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша жасөспірімдер  олимпиадасының облыстық кезеңіне белгіленген квотаға сәйкес І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған оқушылар қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!