Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Кітап - арқылы ашылған әлем" жобасы
13-10-2022 16:48

 

2022 жылғы 13 қазанда "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында және "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығының оқу жоспарына сәйкес М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп Павлодар қаласы мектептерінің 4 сынып оқушыларына арналған "Кітап арқылы ашылған  әлем" қалалық жобасының "Балалардың сүйікті досы" II турын өткізді.

Жобаның мақсаты-оқушылардың оқу іс — әрекетін, оқу қызметінің компоненттерін қалыптастыру; эмоционалды, эстетикалық және әдеби даму, сондай-ақ адамгершілік-этикалық тәрбие мәселелерін шешу,  балаға оқу-еңбек, шығармашылық, жаңашылдық , өзін-өзі тәрбиелеу; оқырман болуға көмектесу.

Іс-шараға қаланың 22 жалпы білім беретін мектебінен 77 оқушы қатысты. Қатысушылар қазақ балалар ақыны Ескен Елубаевтың шығармасынан сахна қойылымын  көрсетті.

Театр сахналары жарқын және қызықты болды. Балалар қазақ авторының шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп орындады. Актерлік, сахналық шеберліктерін көрсетті. Қойылымдардың ажырамас бөлігі жарқын костюмдер мен реквизиттер болды.