2022 жылдың 14 қазанында Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны » бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Жүргізуші мектебіне» іріктеу кезеңі өткізілді.
Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сыныптарынан
38 оқушысы қатысты.
Бұл мектептің басты мақсаты іс-шараларға жүргізуші дайындау болып табылады.
Қатысушыларды іріктеу барысында сөйлеу мәнеріне, өз ойын сауатты жеткізе алатындығына, ұжымда көңіл-күйін басқаруға, мимикалық қимылдарды дұрыс қолдануға көңіл бөлінді.
Байқаудың іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Павлодар дарыны» орталығының «Жүргізушілер мектебіне» № 2,4, 7, 14, 17,20, 26,29,30,33,35,36,41,42, Қ. Бекхожин атындағы мектептерінен 20 оқушы қабылданды.