Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық"Ақберен" байқауының жеңімпаздар анықталды
18-10-2022 17:01
Облыстық

2022 жылғы 18 қазанда "Ақберен" республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқауға 3 қаладан, 10 ауданнан, 14 мамандандырылған мектептен 8 - 11 сыныптардың 112 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының  № 2, 20 (2), 30, 35, 37 жалпы білім беретін мектептердің         6 оқушысы қатысты. Байқаудың мақсаты - гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы шығармашылық қабілеттерін, поэтикалық, шешендік шеберлігін дамыту, өздерінің  шығарған  өлеңдерін жазу, ұлттық аспаптарда ойнау.

             Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша "Ұлттық аспапта ойнау" - ұлттық аспаптарда ойнау бағытында № 20 мектеп - лицейдің  9 сынып оқушысы Кеңес Жансая ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Ол домбырада "Балбырауын" күйін орындады Құрманғазы Сағымбайұлы. "Ақындар айтысы" ақындар байқауының бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен № 37 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Нұрғалиев Думан марапатталды.

             Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.