Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Мен өз елімнің азаматымын" I қалалық пікірсайыс турнирі
20-10-2022 17:13

Республика күнін мерекелеу аясында 2022 жылғы 20 қазанда    №1 ЖОББМ базасында қазақ лигасының қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Ережеге сәйкес турнирге БФФ форматы бойынша қазақ лигасының командалары қатысты (1 команда – 2 оқушы). Турнирдің мақсаты-өз елінің тарихын білуге және сүюге деген ұмтылысты дамыту, елде болып жатқан өзекті жағдайларды талдау және көпшілік алдында талқылау арқылы шығармашылық және сыни  ойлау қабілетін дамыту.

      Турнир бір күнде екі кезеңде өткізілді: іріктеу және қорытынды.

Турнирге № 1, 2, 7, 14, 17, 19, 21, 25, 35, 37, 40,ЖЖОМ,  М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы 16 команда (32 қатысушы) қатысты.

     "Жаңа көзқарас" дебат мектебінің жетекші дебатерлері, Қ. Бекхожин атындағы №2, 7, 19, 40 мектептердің оқушылары төрешілер алқасына тартылды.

     Турнир қорытындысы бойынша лигада 3 команда  жеңімпаз және  жүлдегер  атанды құрмет грамотасы – 1, номинациялар – 5. "Бас жүлде" - 1.

    "Бас жүлде" - № 2 мектептің" Шабыт " командасы марапатталды.

І дәрежелі дипломмен "Парасат" командасы - № 7 ЖОББМ марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен "Mustafa" командасы - № 14 ЖОББМ. ІІІ дәрежелі дипломмен - № 25 ЖОББМ "Екі жұлдыз"командасы марапатталды.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

    - "Үздік спикер" № 2 ЖОББМ  оқушысы Магамет Фируза; - "Ең Үздік спикер" - №7 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Оразбай Әлібек  марапатталды;

    - "Үздік төреші" - № 19 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Жасқайратова Аяулым;

    - "Ең үздік фракция" - "Музафар ұрпақтары" - М. Әлімбаев атындағы мектеп командасы;

    - "Үміт" - № 37 ЖОББМ"Believe" командасы  марапатталды.

Жетекшілік ЖОББМ "Ақиқат" командасы Құрмет грамотасымен марапатталды.

       Турнирдің барлық қатысушылары "Павлодар дарыны" БУҚБДДО  серитификатын  алды.