Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақтың қаһарман қызы - Мәншүк» қалалық байқауының қорытындысы
04-11-2022 14:22
«Қазақтың қаһарман қызы - Мәншүк» қалалық байқауының қорытындысы

«Павлодар дарыны» балалар бос уақытты камту және дамыту орталығы Павлодар қаласының білім бөлімі  жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 3 қарашада  қала мектептерінің 10-11 сынып қыз балалар арасында Мәншүк Маметованың 100-жылдығына арналған  «Қазақтың қаһарман қызы - Мәншүк»  атты байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты-алғашқы әскери дайындық саласында танымдық қызығушылықты дамыту; жастардың бойында шынайы адамгершілік құндылықтарды, патриотизм сезімін және өз елінің тарихына және оның батырларына құрметпен қарауды қалыптастыру.

Байқауға қаланың 20 мектебінен, 20 команда, 66  қатысушы қатысты..

Байқау қорытындысы бойынша қала мектептерінің 15 командасы Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен, сондай-ақ  БУҚБДДО «Павлодар дарыны» сертификаттарымен марапатталды.

Оның ішінде І орын - 3 команда, ІІ орын – 5 команда, ІІІ орын – 7 команда, сертификаттар-5 команда.

I дәрежелі дипломмен - № 30, № 35 М. Жүсіп ат. мектептер марапатталды

ІІ дәрежелі дипломмен - № 5, № 36, № 39, Ж. Тәшенов ат. және М.Әуезов ат. ЖОМ иегері атанды.

ІІІ орын -  № 1, № 7, № 11, А. Бөкейхан ат. ЛМ, № 21, №24, № 24, К.Мақпалеева ат. және КЖОМ марапатталды.

Қалған қатысушылар Павлодар қаласының білім бөлімінің БУҚБДДО «Павлодар дарыны» сертификаттарымен марапатталды.