Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Ұстаз – ұлт тәрбиешісі» жас ұстаздар арасында қалалық дебат турнирі
04-11-2022 21:03

А.Бөкейханова мектеп - лицей базасында 2022 жылғы 4 қарашада        А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Ұстаз – ұлт тәрбиешісі" атты жас педагогтар арасында І қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Ережеге сәйкес турнирге британдық парламенттік формат бойынша қазақ лигасының командалары қатысты (1 команда – 2 мұғалім). Турнирдің негізгі мақсаты - белсенді азаматтық ұстанымды, өз алдындағы және қоғам алдындағы іс - әрекеттері үшін жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

Пікірсайыс - жас мұғалімдерді көшбасшылыққа тартудың бір жолы. Пікірсайыс жас мамандарды икемді, саяси сауатты болуға ынталандырады.

Турнир бір күнде екі кезеңде өткізілді: іріктеу және қорытынды.

Турнирге № 1, 6, 7, 19, 21, 25, 35, 37, 40,     М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ 12 команда (24 қатысушы) қатысты.

Пікірсайысшылардың баяндамасын Павлодар педагогикалық университетінің "Ақиқат" студенттік клубының жетекші пікірсайысшылары бағалады.

Турнир қорытындысы бойынша лиганың  6 командасы жеңімпаз және жүлдегер атанды, құрмет грамотасы-1, номинация – 1.

-         І дәрежелі дипломмен М. Әлімбаев атындағы мектеп - "Музафар ұрпақтары" командасы марапатталды;

-         ІІ дәрежелі дипломмен - № 25 ЖОМ "Twenty five"  , Кенжекөл ЖОМ "Шабыт" - командалары марапатталды;

-         ІІІ дәрежелі дипломмен - "Білім_ kz" командасы - № 4 ЖОМ, "Ұлттық ұлы ұстазы" - № 19 ЖОМ, "Тұмар" - № 37 ЖОМ.

"Үздік спикер" номинациясы бойынша № 25 ЖОББМ Әлиақбар Айнұр Бағланқызы жеңімпаз атанды.

Құрмет грамотасымен № 7 ЖОББМ "Парасат" командасы марапатталды.

Турнирдің барлық қатысушылары "Павлодар дарыны" БУҚБДДО серитификатына ие болды.