Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көптілділіктен облыстық оқушылар олимпиадасының қалалық кезеңі туралы
12-11-2022 20:25
Көптілділіктен облыстық оқушылар олимпиадасының қалалық кезеңі туралы

Көптілділіктен облыстық оқушылар олимпиадасының қалалық кезеңі 2022 жылғы 16 қарашада сағат 09.00-де "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында өтеді. Олимпиада мақсаты-үздіксіз мектепте  көптілді білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

     Олимпиада екі турда өткізіледі: 1 тур, жазбаша – берілген тақырып бойынша үш тілде эссе. Орындау уақыты - 120 минут, әр эссе үшін-40 минут, жұмыс көлемі-150-200 сөз.2 тур, ауызша-берілген тақырып бойынша көпшілік алдында сөйлеу. 1 турда 75-100 ұпай  жинаған оқушылар 2 турға жіберіледі.

    Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім бөлімінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

     18 қарашада   қалалық кезеңде 1 орын алған оқушылар облыстық олимпиадаға қатысады.