Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жыл оқушысы
15-11-2022 14:05
Жыл оқушысы

2022 жылғы 14 қарашада "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту балалардың  дарындылығын дамыту  орталығында Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы шеңберінде ұйымдастырған "Жыл оқушысы" республикалық конкурсының I туры (өзін-өзі таныстыру) өткізілді.

Үш жас санаты бойынша (6-7, 8-9, 10-11 сыныптар).

Байқау V турдан тұрады.

I тур (сырттай) – өзін-өзі таныстыру.

II тур-берілген тақырыптарға эссе жазу

ІІІтур-шешендік шеберлік байқауы

IV турға қатысушылар конкурстың  ұйымдастыру комитетіне оқушының портфолиосын ұсынады.

V тур-финал.

18 қарашада өтетін байқаудың   II   және III  турына Iтурдың (өзін-өзі таныстыру) қорытындысы бойынша "Ертіс дарыны"  ӨҚББОӘО өтеді:

6-7 сыныптар: Назар Фариза, Малайсары батыр атындағы ЖОББМ

8-9 сыныптар: Айдын Айман, № 30 ЖОББМ

10-11 сыныптар: Кузнецова Анастасия, № 29 ЖОББМ.