Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 16 қарашада № 7 орта мектепте және «Павлодар дарыны» орталығы базасында 9-11 сынып оқушылары арасында көптілділіктен оқушылардың облыстық олимпиадасының қалалық туры өтті.
Олимпиаданың мақсаты - мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында интеллектуалды көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың қазақ, орыс және шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыру.
Көптілділік олимпиадасына қаланың 34 мектебінен 86 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 33 жүлделі орынға ие болды: І орын - 3, ІІ орын -9, ІІІ орын – 21.
Олимпиада қорытындысы бойынша I орын алған 3 қатысушы 2022 жылғы 18 қарашада көптілділік бойынша олимпиаданың облыстық турына қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!