№ 7 мектеп базасында "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "Өрлеу "БАҰО" АҚ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-мен бірлесіп 2022 жылғы 24 қарашада "Қалалық оқушылардың жобалау-зерттеу қызметінің тиімділігі" семинарын ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты-жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысуға дайындық сапасына байланысты педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру, дарынды балалармен жұмыста жаңа білім беру нысандарын қолдану бойынша гуманитарлық цикл пәні мұғалімдерінің қызметін үйлестіру.
Семинарда жоғары оқу орындарының профессор -оқытушылар құрамының жетекшілігімен бағыттар бойынша пәндік секциялар ұйымдастырылды:
қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, қоршаған ортаны қорғау. Семинардың барлық қатысушылары үлестірме материалдар мен сертификаттар алды.