Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас математиктердің жетістіктері
25-11-2022 08:35
Жас математиктердің жетістіктері

"Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 24 қарашада Павлодар қаласының А. Бөкейхан атындағы мектеп – лицейінде бастауыш сынып оқушыларының Х облыстық математикалық турнирін өткізді. Турнирдің мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау.

Іс - шараға мамандандырылған мектептерден 90 оқушы және А.Байтұрсынұлы, А. Бөкейхан атындағы № 21, 35, 38 жалпы білім беретін мектептерден 5 оқушы, Павлодар қаласының қалалық турының жеңімпаздары қатысты.

Турнир екі турда өтті: жазбаша және жеке-ауызша.

Конкурс қорытындысы бойынша:

2 сынып оқушылары арасында А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы Ленинг Катриана Гран-при иегері атанды, № 35 ЖОББМ оқушысы Қабыш Байназар ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;

3 сынып оқушылары арасында ІІ дәрежелі дипломмен, А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей АбылденоваАйару марапатталды;

4 сынып оқушылары арасында ІІ дәрежелі диплом иегері Ұрасқан Әлихан, № 38 НЖББМ .

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Ленинг Катриана, Гран-при иегері "Бастау" республикалық турниріне қатысады.