Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертегіні жаңа жолмен сахналау
29-11-2022 16:31
Ертегіні жаңа жолмен сахналау

"Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 22, 23 қарашада Ж.Тәшенов атындағы ЖОББМ базасында "Үлкен  үзіліс  – 2023" жобасының "Театр - өмір айнасы" II кезеңін өткізді. Жобаның мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылауын дамыту, шығармашылық жоба процесінде ұжымдық ынтымақтастықты қолдау және кеңейту, мүдделер бойынша жан-жақты қажеттіліктерді қалыптастыру.

       Жоба оқу жылы ішінде өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз  ұпай  жинаған 3 команда шығарылады.

       "Театр-өмір айнасы" театр турына № 1, 5, 7, 11, 14, 17, 18, 19, 21, 26, 31, 33, 34, 35, 36, 37,43, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ.Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, № 38 НЖББМ, Жетекші жалпы білім беретін мектептерінен 364 оқушыдан тұратын 23 команда қатысты .

        Байқау шарты бойынша қатысушылар ата-аналарымен ертегіден жаңа тәсілмен сахналау көрсетті. Оқушылар өздерінің театрландырылған қойылымдарында ертегінің мазмұнын көрсете алды.Қойылымдардың ажырамас бөлігі ашық  костюмдер мен реквизиттер болды.

         Конкурсанттар  қатысушыларды қойылымдардың өзіндік ерекшелігімен, костюмдерімен, түрлі-түсті декорациялар   және көпшілігімен таң қалдырды.

         Көрермендер театр сахналарына қатысушылардың күш-жігерін қошеметпен бағалады.

         Конкурс қорытындысы бойынша     ең аз ұпай  жинаған   № 11, 36, 38    мектеп жобадан шығарылды, қалған 20 мектептің командалары келесі турда кездеседі.