Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық Мақатаев оқуларының қорытындысы
01-12-2022 22:43
Қалалық  Мақатаев оқуларының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі  "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылы 1 желтоқсанда  К.Бекқожин атындағы мектепте  «Мақатаев оқулары» ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған оқулардың қалалық кезеңі өткізілді.

     Мақсаты-қазақ классикалық әдебиетін оқитын, қазақстандық жазушылардың өмірі мен шығармашылығын білетін оқушыларды қолдау және насихаттау. Қаланың 37 жалпы білім беретін мектебінен 7 - 11 сыныптардың 61 оқушысы қатысты. Ережеге сәйкес конкурс үш бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның поэмаларын, өлеңдерін жатқа біліп, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған өз шығармаларының өлеңдерін оқуы керек еді.

Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60 - 70 жылдарындағы атақты қазақ ақыны, жазушысы және аудармашысы,қайтыс болғаннан кейін даңқ пен құрметке ие болды.

Оқу қорытындысы бойынша "Айтып өткен ақында арман бар ма?"              І орынды Жетекші ЖОМ 10 сынып оқушысы Уахит Махаббат, ІІ орынды № 35, Кенжекөл ЖОМ, Малайсары батыр, Ж.Ташенев атындағы мектеп оқушылары,         ІІІ орынды   № 2, 14, 17, 24, 29, 33, 36, 39, Ш. Шоқин, Қ. Бекхожин, А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушылары иеленді.

 "Жыр эстафетасы" бағытында  І орынды № 2 мектептің 7 сынып оқушысы Баяхметова Жәмила, ІІ орынды № 33 мектеп оқушысы, ІІІ орынды № 30, Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушылары иеленді.

Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..." - І орынды № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Серік Тұмарым, ІІ орынды № 21, 29, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 7, 26, 30, 31, 32, 35, М. Әлімбаев, С. Торайғыров, Ж. Тәшенев атындағы  мектеп оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттарын алды. Байқау жеңімпаздары 9 қарашада облыстық оқу кезеңіне қатысады.