Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш.
03-12-2022 18:19
Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш.

Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 3 желтоқсанда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығымен бірлесіп Әзілхан Нұршайховтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өткізді.

      Әдеби бағдарламаның мақсаты-қатысушылардың шығармашылық әлеуетін жандандыру, оқушылардың   әдеби сауаттылығын, көркем оқу дағдыларын дамыту арқылы өз ойын білдіру үшін жағдай жасау.

          Бағдарламаға қаланың 14 жалпы білім беретін мектебінен "Жас ақын" және "Жас айтыскер"мектептерінің оқушылары қатысты.

         Әдеби кештің бірінші бөлімінде  балалар оқырман кітапханасының қызметкері Рамазан Дана Сержанқызы оқушыларды Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаянымен таныстырды.

          Кештің екінші бөлімінде оқытушы Еламан Қасенұлы оқушыларды ақын Әзілхан Нұршайықовтың әдеби шығармаларымен таныстырды, Оразбек Саяхат балалармен викторина өткізді. Балалар белсенді қатысып, өз қабілеттерін көрсетті.

         Серікхан Жұпар (№7 ЖОББМ) және Жылқайдарова Санна (Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей) оқушылары  өздері шығарған   өлеңдерін оқыды.