Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы
13-12-2022 22:31
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы

Павлодар қаласы  білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 12 желтоқсанда 5-6 сынып оқушылары арасында жаратылыстану - гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау, білім берудің беделін арттыру.

       Олимпиадаға  № 2, 5, 6, 7, 11, 14, 17, 18, 21, 23, 24, 25, 26, 27, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 36, 38, 39, 40, 41, 43, 46, Малайсары  батыр атындағы, Ш. Шоқин атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, А. Шамкенов атындағы, М. Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Р. Нұртазин атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенов атындағы, М. Әуезов атындағы, Жетекші және Кенжекөл жалпы білім беретін мектептерден  5-6 сыныптың  505 оқушылары  қатысты.

       Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану пәндері бойынша өткізілді.

        Олимпиада жазбаша түрде өтті, әр пән бойынша оқушылар тест тапсырмаларын орындады.

         Байқау қорытындысы бойынша 224 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 16, II орын - 77, III орын–131 оқушы.

        Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Қалалық кезең қорытындысы бойынша бірінші орын алған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.