Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Менің бос уақытым және отбасылық бос уақыт" бейне презентация байқауы
15-12-2022 11:24

Павлодар қаласы  білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 14 желтоқсанда "Менің бос уақытым және отбасылық бос уақыт" атты бейне презентация байқауы  өткізілді. Байқауға № 2, 5, 6, 15, 17, 21, 26, 29, 35, 36, 39, Ж. Тәшенев атындағы 16 мектептен    1-10 сыныптың  23 оқушысы қатысты.

       Байқаудың мақсаты-қоғамдық санада қарым-қатынастардың тұрақтылығына, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, аға буынды құрметтеуге бағытталған отбасы  бейнесін насихаттау.

        Байқау қорытындысы бойынша 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орынды № 39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Сәдуақасов Фархат иеленді.

      II орын - № 2 ЖОББМ 3 сынып оқушысы Темірғали Хажар, № 6 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Крашкевич Ксения, № 14 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Глазков Данил, № 26 ЖОББМ 4 сынып оқушысы Лопатько Никита.

      III орын - № 17 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ратушный Денис, № 26 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Тураев Рахман, № 29 ЖОББМ 3 сынып оқушысы Нурпеисов Ислам, № 32 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Куликов Александр, Ж.Ташенев атындағы ЖОББМ оқушылары Шадиханова Диана 7 сынып және Ерқанатқызы Қарақат 9 сынып.

      Жүлдегерлер мен жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, конкурстың қалған қатысушыларына "Павлодар дарыны" БУҚБДДО  алғыс хаттары табысталды.