Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Роза Бағланованың 100 жылдығына
22-12-2022 11:27
Роза Бағланованың 100 жылдығына
  Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 21 желтоқсанда М.Әлімбаев атындағы орта мектеп базасында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Ән менің жүрегімде" вокалдық байқауы өткізілді.
 
       Байқаудың мақсаты-әнші, Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың мәдени мұрасын насихаттау, қазақ ән өнерін дамыту, орындаушылық шеберлікті арттыру, оқушылардың шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау.
 
    Биыл бүкіл әлемге қазақ елін танытқан ,халық мақтанышы , аңыз –адам, ән әлемінің жарқын жұлдызы, қазақ эстрадасының алғашқы қарлығаштарының бірі Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толады.
 
     "Бүгін біз ән мен өнер мерекесіне ғана емес, ұлт руханиятының салтанатты күніне де жиналдық. Қазақ кейіпкері Роза Бағланованың есімі ұрпақтан-ұрпаққа естілсін. Бүгінгі байқауға қатысатын жастар арасында Роза Тәжібайқызы сияқты жұлдыздар жанады деп сенемін!",- деді"Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының басшысы.
 
     7 жастан 17 жасқа дейінгі әр түрлі санаттағы қатысушылар өздерінің вокалдық шеберліктерін көрсетті.
 
Байқауға № 2, 5, 6, 11, 15, 17, 18, 21, 26, 33, 35, 36, 40, 46, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Ш. Шоқин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, А. Шамкенов атындағы, М.Жүсіп, Ә. Бөкейхан, Б.Момышұлы атындағы, Р. Нұртазина атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ 29 мектептен 61 жас орындаушы қатысты.
 
     Байқау шарттары бойынша әр қатысушы Роза Бағланованың репертуарынан бір ән орындауы керек еді. Қазылар алқасының құрамына "ҚР Мәдениет үздігі" Гүлнафис Мақышбаева, Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің вокал оқытушысы, Алтынсарин атындағы облыстық қазақ мектеп-интернатының музыка мұғалімі Ризабек Қорабаев, Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің вокал оқытушысы Иванова Регина енді.
 
       Сахнада уақыт сынынан өткен әйгілі әндер шырқалды. Олардың ішінде   " Ах, Самара, городок"," Әдемі-ау"," Бәрінен  де сен сұлу"," Сәулем-ай", "Іңкәрім-ай", "Ақтамақ", "Сыр гүлі".
 
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар 24 жүлделі орынға ие болды: I орын – 3, II орын - 9, III орын – 12.
I орынды № 21 ЖОББМ, 3 сынып оқушысы Мухамеджанова Айзере, № 25 ЖОББМ, 5 сынып оқушысы Жамбыл Нурсая, Ә.Бөкейхан атындағы ЛМ, 10 сынып оқушысы Дәулетбек Аяулым иеленді.
II орынды № 17, № 25, № 26, № 33, № 36, М.Жүсіп атындағы, Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ, Ш.Шөкин атындағы ГМ, А.Шәмкенов атындағы ЛМ иеленді.
III орынды № 15, № 27, № 40, № 46, М.Әлімбаев атындағы, М.Жүсіп атындағы, Б.Момышұлы атындағы, Ж.Тәшенев атындағы, М.Әуезов атындағы Жетекші ЖОББМ иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!