Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жайдарман LIFE
23-12-2022 15:05
Жайдарман LIFE

       "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 22 желтоқсанда А.Шәмкенов атындағы ЖОББМ базасында "Үлкен  үзіліс – 2023" жобасының "Жайдарман LIFE" III кезеңін өткізді. Жобаның мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылауын дамыту, шығармашылық жоба процесінде ұжымдық ынтымақтастықты қолдау және кеңейту, мүдделер бойынша жан-жақты қажеттіліктерді қалыптастыру.

       Жоба оқу жылы ішінде өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз  ұпай  жинаған 3 команда шығарылады.

       "Жайдарман LIFE" кезеңіне № 1, 5, 7, 14, 17, 18, 19, 21, 26, 31, 33, 34, 35, 37, 43, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ.Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші жалпы білім беретін мектептерінен 275 оқушыдан тұратын 20 команда қатысты .

     Бұл кезеңде қатысушылар әзіл – қалжың, қызықты көріністер, күлкілі миниатюралар мен актерлік шеберліктерін көрсетті.    

     Конкурс қорытындысы бойынша ең аз ұпай  жинаған   № 7, 18, М.Әлімбаева атындағы мектептер жобадан шықты, қалған 17 мектептің командалары келесі турда кездеседі.