Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Анонс «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша қалалық олимпиада туралы
28-12-2022 15:30
Анонс   «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша қалалық олимпиада туралы

2023 жылғы 24 қаңтарда сағат 10.00 - 17.00 Павлодар қаласының № 25 мектебінде Павлодар қаласы  білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  "Robotek Grand Tournament" робототехника бойынша республикалық турнирдің қалалық кезеңі өткізіледі.

       Қаланың 30 жалпы білім беретін мектебінен 4-11 сыныптардың 170 оқушысы қатысады.

       Мақсаты-қойылған мақсатқа жету үшін роботтарды бағдарламалау дағдыларын тексеру, ақпараттық-коммуникативтік және инженерлік-шығармашылық құзыреттіліктерді дамыту, робототехникамен, бағдарламалаумен айналысатын, стандартты емес ойлауы, сындарлы іс-әрекетке қабілеті бар талантты оқушыларды қолдау.

         Олимпиада жеті бағыт бойынша өтеді:" Кегельринг - квадро"," Робо - сумо"," Лабиринт"," Эстафета"," Сызық бойынша жарыс"," Биатлон – кіші санат","Биатлон аға санат".

         Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі