Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қазақ тілінде сөйлеуді үйренеміз"
29-12-2022 12:09

2022 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында Павлодар қаласы  білім бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы Halykradiosy "Ертіс медиа" ЖШС - мен бірлесіп "Қазақша  үйренейік" - "Қазақша сөйлеуді үйрену"сабақтарын өткізді. Байқауға  2 ай ішінде қаланың А. Шамкенов атындағы  лицей – мектебі, № 17, 18, 21, 23, 24,   27 жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысты

      Байқаудың мақсаты-мемлекеттік тілді үйрену, қазақ тілінде  оқитын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.

    Шарт  бойынша қатысушылар 2 апта бойы таңдалған тақырыппен жұмыс істеді, қазақ тіліндегі өлеңдер мәтіндерін жатқа оқыды. Оқушылар радиода тікелей эфирге қатысты, басқа қатысушылар өз жұмыстарын WhatsApp Halyk radiosy-ға бағыттады.

     Байқаудың негізгі міндеті-оқушылардың қазақ тілін білуі, осы мақсатта халық радиосының толқынында "Қазақша үйренейік"бағдарламасы жұмыс істейді.

      Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Halyk radiosy бағалы сыйлықтарымен, "Павлодар дарыны" БУҚБДДО  I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

     І дәрежелі дипломға № 17 мектептің 7 сынып оқушысы Шаяхметова Майкен ие болды.

     II дәрежелі дипломмен № 24 мектептің 8 сынып оқушысы Әбукенов Батырхан марапатталды.

     ІІІ дәрежелі дипломмен – А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Ямалетдинова Камилла марапатталды.

      Сертификаттармен Р.Нұртазина атындағы № 18, 21, 27 мектептер марапатталды.